jasqazaq.kz

Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды

09 қыркүйек 2021, 17:18

Бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған. Оған дейін Мағзұм Мырзағалиев 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.

2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері — басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін » ТеңізСервис «ЖШС Бас директоры болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды. «Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия