
Магнитогорскіде жойқын жарылыс. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде газ балоны жарылған. Оқиға салдарынан көз жұмғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Анықталғаны – апат болған үйде 46 адам тұрған екен. Жойқын жарылыстан ондағы 26 пәтердің күл-талқаны шыққан. Құтқарушылар жалын құрсауында қалып қойған 5 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Оның біреуі – бала. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Апат орнына 500 құтқарушы мен 100-ден аса арнайы техника тартылыпты. Қазір олар үйіндіні аршып жатыр.