jasqazaq.kz

“Маған 13 жыл бұрын сөз салған”: Шахизада үшінші күйеуі туралы ашып айтты (Видео)

22 желтоқсан 2021, 17:56

Жақында үшінші рет тұрмысқа шыққан әнші Шахизада бақыттан басы айналып, аспанда қалықтап жүр. Ол бүгін осы уақытқа дейін құпия ұстап келген үшінші күйеуі туралы айтып берді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әншінің ұстанымы: барлық адам бақытты болуға лайықты.

«Тұрмыс құрдым Аллаға шүкір. Олда бір Алланың сыйы ғой. Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан дейді ғой. Сүйген жарым қасымнан шыға келді. Бірақ қазіргі таңда жолдасым жұмыс бабымен Түркияда жүр, елге келе алмай жатыр, бұйырса келіп қалар.»-деді әнші.

Қазіргі таңда екі жұп екі елде жүрсе де ара қашықтық екі ғашықтың сезіміне кедергі бола алмапты. Оларға жалындаған махаббаттан гөрі, сыйластық маңызды болса керек.

«Мен айттым. Елге барып қызмет етемін. Өнерімді де тоқтатпауым керек. Жаңа әндер жазып жатырмын.

Бұйырса «Мен едім» деген тақырыпта ән шығады. Ол әнге де бейнебаян түсіремін оны да көре жатарсыздар. Жолдасым менің осында болғаныма қарсы емес, керісінше қуанады осылай еңбек етіп жатқаныма, әнден жазып жатқаныма. Тоқтамай бір жерде отырмағаным оған ұнайды.
Біз басында дос болдық одан соң, достық махаббатқа ұласты. Осыдан он үш жыл бұрын сөз айтқан бірақ ол кезде менде тұрмысқа шығам деген ниет болған жоқ. Ол өзі ішінен ойлапты: Алланың берген бір күні әйтеуір сен менің келіншегім боласың деп.Биыл міне сол айтқан сөзі орындалды»,-деді Шахизада.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр