jasqazaq.kz

Мәдина Сәдуақасова Түркиядан алған пәтерін көрсетті (Видео)

06 қыркүйек 2021, 10:46

Мәдина Сәдуақасова туған күні қарсаңында өзіне сый жасады. 8-ші қыркүйек күні 42 жасқа толатын әнші Түркияның Алания қаласынан үй сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қуанышты хабарды Мәдина Instagram-да жеткізді.

«Әнуарды мектепке жібердік, туған күн, міне, келіп қалды, әрі-бері ақшамызды шаша бермей, әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?!

Ал көріп бағасын беріңіздер?! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын!» – деп жазба қалдырған Сәдуақасова үйінің видеосын жариялады.

Бұдан өзге, Сәдуақасова Аланияда әр тұрғын үйдің алдында қауыз (бассейн) бар екенін айтып қуанды.

«Жылдың кез келген мезгілінде шомылуға болады. Маған ұнайды», – деді әнші.

Желі қолданушылары Сәдуақасованы жарыса құттықтады.

«Қай қаладан үй алсаң да сен лайыктысың Мадикош. Әркімнің өз еңбегі», «Құтты болсын! Қазақстанға жау шапса сіздің үйіңізге бірге қашайықшы», «Бар қазаққа жұғысты болсын», – деп жазды оқырмандар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде