jasqazaq.kz

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің қызғанышынан қалай құтылды?

07 қараша 2017, 13:15


Мәдина Сәдуақасова – қазақ эстрадасындағы ең сұлу әншілердің бірі. Дәл осы себепті күйеуі Олжас Смағұлов әншіні еркек атаулыдан қызғанады. Тіпті, Мәдинаның режиссер күйеуі оның өнердегі әріптестерімен дуэт айтуына қарсы, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін Мәдина Төреғалимен дуэт айту үшін күйеуін әрең көндіргенін айтқан еді. Әнші, тіпті күйеуін қызғандырмау үшін жаңа дуэттегі ән мәтінін екі мәрте өзгерткен. Алайда Смағұловтың қызғанышы мұнымен бітпейді. Ол Мәдинаға “жаныңда жүрген көмекші жігіттерді жұмыстан шығар” деп қатаң талап қойған.

“Соңғы 7-8 айда төрт-бес адам ауысқан шығар. Барлығын санап қарасам, Сәкен, Азамат, Руслан, Қайыржан болды. Әйгерім Қайнарбек, ендігі көмекшім қыз бала. Өйткені менің жолдасымның шарты болды. “Жолға, сапарға кеткен кезде, көйлегіңді, киімдеріңді ауыстырғанда ер баланың жүргенін қаламаймын, қыз болсын”, – деді”, – деп еске алды Мәдина КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында.

Мәдина Олжастың айтқанын орындады, есесіне өз қалауынан да бас тартпады.

“Менің өнерімде ешқандай жігіт болмасын деді. Қалай өнерде ер адаммен дуэт болмайды? Қалай ер адам бейнебаянға түспейді? Олжас, сен түсінші. Ол өнер, сахна. Сен түсінесің, сен режиссерсің. Киноның, театрдың, әннің, сахнаның не екенін білесің. Жарайды, өзің айтқандай, қасымда қыз бала жүреді. Бірақ осы сәттен бастап біз жігіттермен дуэт жазамыз дедім, ол да келісті”, – дейді Сәдуақасова.

Бүгін, 14:41
Тарих тұңғиғы, тағдыр тәлкегі және «ТАЙТҰЯҚ» алтын
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде