jasqazaq.kz

Мәдина Сәдуақасова: Ерке маған Азаматты «күйеуім» деп таныстырды

15 қараша 2021, 11:26

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмаханның қарым-қатынасы қос жұлдыздың фанаттарын ғана емес, өнердегі әріптестерін де таңғалдырған. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова мұны елдің назарын қарату үшін продюсерлердің жасаған айласы деп ойлапты. Алайда уақыты келгенде шындыққа көзі жеткен әнші қатты таңырқағанын жасырмайды. Бір қызығы, Ерке әріптестеріне Азаматты «өмірлік серігім» деп таныстырған. Бұл туралы Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Басында екі жақтың продюсерлері келіскен шығар, Қазақстанға да келген шығар деп ойладым. Бірақ білуімше, Еркеде продюсер жоқ, Азамат та топтан кетті. Соған қарап мүмкін шынайы сезім шығар деп қалдым.

Ал екеуін бір жобада бірге көргенде түсіндім. Азамат кәдімгідей Еркені қолдап, демеп, көмектесіп тұрады. Сол жылылықты көргеннен кейін «а-а-а» дедім. Ерке «Мәдина, мына жігіт менің күйеуім» деп таныстырды.

Мен екеуі енді жүріп жатыр дегенді естігендіктен, таңғалып қалдым», — деп ағынан жарылды ол.

Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері образбен тәжірибе жасап, фанаттарын таңғалдыруда. Бұған қатысты:

«Ойға қонымсыз шаш үлгісін жасадым. Өзім жақсы көріп, үйреніп қалдым», — дейді өзі.

Әншінің бойындағы бұл өзгерісті көпшілік жеке өмірімен байланыстыруда. Алайда Мәдина күйеуімен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

«Біріншіден, пандемия бітті. Шығармашылық адамның іште жатқан толқынысы, шабыты шықты. Тек шаш үлгісі мен фототүсірілімдер емес, жаңа альбом да шықты.

Ал жеке өмірімде ешқандай өзгеріс жоқ, бәрі баяғыдай. Жолдасым жұмыста», — деді әнші.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді