jasqazaq.kz

Мәдина Ералиеваға сараптама жасаған дәрігер құпияның бетін ашты

04 қыркүйек 2018, 11:04

Осыдан 18 жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан қазақтың біртуар азаматшасы Мәдина Ералиеваның денесіне сараптама жасаған дәрігер өзін таңғалдырған жайт жайлы айтып берді.
NUR.KZ. жазғандай, жол апат кезінде әнші Мәдина Ералиеваның жанындағыларға соңғы айтқан сөзі «қарарсыңдар» болыпты. Өмірден үзіліп бара жатқанын сезген әнші тек сол сөзді айтуға жарап, көз жұмған. «Ол сөзді неге айтты екен? Кімге айтты екен?» деп жорамалдаған жұрт жалғыз ұлы Әрсенді аманаттағаны десіп, байлам жасаған.
«Жұмыс барысында мамандығым патологанатом болғасын жансыз Мәдинаның мәйітіне мен медициналық сараптама жасап, қорытындысын жазып бердім»,- дейді 18 жылғы бұрынғы оқиғаны есіне алған Байқоңыр сот-сараптама орталығының жетекшісі Мағауия Бөкешов.
«Жұмыс барысында күнде, күнара қаншама адамға сараптама жасаймыз ғой. Бірақ Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана болып шықты. Таң қалдым. Енді әр адамның анатомиясы әртүрлі ғой. Дәрігер ретінде айтарым, әдетте әншілердің өкпелерінің шағын немесе үлкен болуы ән айтқанына байланысты емес. Ол ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қорытындысына «автотрамва» деп қорытынды жаздым. Маған да оңай болмады. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей «иманды болсын» деп көз жасымды сығып, мен де қала бердім», — дейді сот-сараптама орталығының жетекшісі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді