jasqazaq.kz

Мәдина Әбілқасымова: Кредит алғандар мен оны өтей алмай жатқандар саны өсті

11 мамыр 2022, 14:16

Өткен жылы тұтынушылық несиелер 40 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтыр тұтынушылық кредит 40 пайызға өсті. Осы өсу проблемасымен қатар, кредитін өтей алмайтындардың да саны артып келеді. Сол себепті біз түрлі шараларды қабылдап жатырмыз», — деді М.

Әбілқасымова Парламент Мәжілілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Оның айтуынша, елімізде қарыз жүктемесі коэффициенті пайдаланылып жатыр.

«Банктер мен микроқаржы ұйымдары несие берген кезде, қарыз алушының табысын бағалауы тиіс. Несие бойынша ай сайынғы төлем сомасы қарыз алатын адамның ай сайынғы табысының 50 пайызынан аспауы керек. Егер бұл деңгейден асып түссе, онда банк немесе несие ұйымдары кредит бермеуі тиіс. Олар бұл талаптарды орындамаса, біз қадағалау іс-шараларын жүзеге асырамыз», — деді агентік басшысы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр