jasqazaq.kz

Мәди Биғалиевтің жаназасы шығарылды

10 ақпан 2019, 11:42

9 ақпанда Шымкентте 63 жасында қайтыс болған қаланың танымал хирургы Мәди Биғалиевтің жаназасы шығарылды, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды, олардың арасында достары, әріптестері мен өмірін құтқалғаны үшін алғысын айтып келгендер бар. Сонымен қатар, дәрігермен қоштасуға журналист, саясаткерлер және еліміздің әр аймағынан тұрғындар келді. Туған-туыстары көз жасын тыйа алмай, үйде тәулік бойы жедел жәрдем көлігі кезекшілік етті. Дәрігердің денесі дұға оқып болғаннан кейін шығарылды.

Хирург бүйрегін ауыстырып берген пациенттердің бірі кезінде өлім аузында жатқанын еске алды. «Дәрігерлер бүйрек зақымданған деді, мен тіпті дәретханаға бара алмайтынмын. Өмірмен қоштасу керек деп ойладық. Мәди Ходжаевич бүйрегімді ауыстырып берді, мен оның бірінші емделушісі болдым. Ол палатаға кіріп, ота жасауды ұсынғанда, ойланбадастан келісім бердім. Мен оған сендім. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір денім сау, екі жұмыста істеймін, бес балам бар. Ал шебер кетті, бұл біз үшін соққы болды. Жаны жәннатта болсын», — деді Бауыржан Абдулла.

Мәди Биғалиев — профессор, медицина ғылымдарының докторы, Шымкент және Түркістан облысындағы трансплантологияның негізін қалаушы. 37 жыл ішінде 10 мыңнан аса күрделі ота жасаған. 2013 жылы Шымкент қаласында бірінші болып бүйрек және бауыр ауыстыруды бастаған. Халық Биғалиевтің «қолы алтын» және «Құдай берген хирург» деп атаған екен.

КТК телеарнасының мәліметінше, қайтыс болған хирургтің ісін полиция тексеріп жатыр. Ұзақ жылдар қалалық жедел-жәрдем ауруханасын басқарып келген Мәди Бигалиевтің денесі өз үйінде түс ауа табылған. Мәди Қожаұлының өз-өзіне неліктен қол салғаны беймәлім. Ол соңғы уақытта денсаулығына байланысты демалыста болған екен. Қазір, оның өліміне қатысты полиция іс қозғады. «Шымкент қаласындағы 60-65 жастағы тұрғынның мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚК-нің 105 бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде