jasqazaq.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері не үшін сотталды?

31 қазан 2019, 10:52

Сот Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық № 2 соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен министрліктің әкімшілік департаментінің экс-директоры Еренай Дәржібаевты пара алу бойынша айыпты деп таныған болатын. «ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, Министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры және «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті пара бергені және алғаны үшін сотталды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиевке, Министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевқа, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті Қонысбек Ботбайға қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қуатжан Уәлиев және Еренай Дәржібаев екеуі Қонысбек Ботбайдан діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың доллар мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген болатын», — дейді соттағылар. Осылайша, сот үкімімен биыл 30 қазанында Қуатжан Уәлиев пен Еренай Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ осы үкіммен Қонысбек Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді