jasqazaq.kz

Мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

23 мамыр 2022, 19:04

Шымкент қаласында «21 мамыр –Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» аталып өтті. Биылғы мереке еркін форматта ұйымдастырылып отыр.

Бүгінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 21 мекеме атап айтсақ, қаламызда 6- театр, 6 – кітапхана, 3 – орталық Цирк, Зоосаябақ, Түкістан сарайы концерттік ұйымы, Музей, Архив және Шымқала тарихи мәдени кешені бар, жалпы мекемелерде 1 мың 897 адам қызмет етуде.

Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.

–Осы салада күндіз-түні жан салып, қызмет істеп жүрген мамандардың еңбегі ерен. Олардың жұртшылықты ибалы ізгілікке үндеп, рухани-мәдени өмірімізді байытып жүргенін тілге тиек еткіміз келеді. Қаламды қалқан қылған ақын-жазушыларымыздың, тереңге кеткен тарих тағылымдарымен таныстыратын музей қызметкерлерінің, «Баға жетпес байлық» саналатын кітаппен тығыз байланыстағы кітапханашылардың, мазмұны мәнге толы қойылымдарымен көрермен жүрегінен орын тапқан театр, кино, опера әртістерінің, мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген басқа да қызметкерлерге еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер дегім келеді,-деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Бұдан кейін, қала руханияты мен мәдениетін дамытуға үлес қосқан 35 адамға қала әкімінің Алғыс хаты табысталды. Марапатталғандар арасында Мәдениет саласының ардагерлері — Бастарбек Пірімбетов , Құралай Сәтмұхамбетова, Александр Грищенко, Күлия Айдарбекова, Икрам Хашимжанов, Руслан Шерімов және мекеме директорлары мен қызметкерлер бар.

Шынында өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Бұл халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн. Мереке, құтты болсын!

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр