jasqazaq.kz

Мәдениет қызметкері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізген

11 ақпан 2021, 15:22

Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Атырау қаласында «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК-ның қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, — делінген хабарламада.

Бұл қызметкер қызмет бабын пайдалана отырып, жалпы құны 70,9 млн теңге болатын музыкалық аппраттарын иемденіп, ломбардқа өткізген және өз таныстарына төмен бағаға сатқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50,9 млн теңгені құрайтын келтірілген мүліктік залалдың 70%-ы өтелген.

Атырау қаласы сотының үкімімен кәсіпорын қызметкері кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде