jasqazaq.kz

“Mad MEN” тобының мүшелеріне қандай айып тағылды? (Видео)

27 мамыр 2021, 11:53

“Mad MEN” музыкалық тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды.

Еске салайық, тұрақты есірткі желісін Алматы полициясы бір ай бұрын жойған болатын. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам бар. Топты – 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.

– Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді ер адам және оның “көмекшілерінің” қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берді, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассирлер, өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берді, тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар, қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Polisia.kz хабарлағандай, осы істі тергеу барысында оның қатысушылары ҚР ҚК-нің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылуда. Күдіктілер соттың мақұлдауымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия