jasqazaq.kz

Мақпал Исабековаға 101 раушан гүлін сыйлаған жігіт кім?

10 маусым 2017, 16:15

12 жыл бойы сүйіктісін іздеген Мақпал Исабекова оны тапқан сыңайлы. Себебі соңғы кездері әнші махаббат көрінісін аңғартатын суреттерімен жиі бөлісіп жүр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ал күні кеше әнші есімі елге белгісіз ер адамнан 101 тал гүл алғанын жария етті. Мақпалдың құшағын қызыл және ақ түсті раушан гүлдері толтырды.

Өз жазбасында Мақпал қызыл түстің құмарлықты, ал ақ түстің нәзіктікті білдіретінін айтып қалды.

Бұл ретте желідегі оқырмандар мұндай сыйды кімнің жасағанын сұрап әлек болды. Алайда Мақпал бұл сұраққа үнсіз қалды.

Есте болса, бірнеше апта бұрын Мақпал әріптесі Кенталмен бірге шетелде демалып келді. Сол шақта ел Мақпалдың сүйіктісі Кентал деп ұқты. Ал үнемі көңілді жүретін әнші Кентал екеуінің “бал айында” жүргендерін айтып, жұртты одан сайын шатастырды.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу