jasqazaq.kz

М.Жүнісова: Мен тірі адаммын, ол балаға ғашық болып қалудан қорқамын

04 шiлде 2018, 16:44

Мақпал Жүнісованың пікірінше, ер мен әйел әншінің сахнада бірге өнер көрсетуі қалыпты нәрсе. Алайда қос өнер иесі образды сахнада қалдырып, сезімге ерік беріп кетпесе игі, – дейді халық әртісі. Себебі дәл өнер адамдары махаббат сезіміне жиі бой алдыратын көрінеді.

Бұл туралы Жүнісова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, – деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. “Сахнада әншілердің жұптасып ән айтуында тұрған ештеңе жоқ, әрі қарай бүлініп кетпесе болды. Ойыннан да от шығады деп, өнер адамдары махаббат туралы ән айтқанда образға кіріп кетеміз ғой. Сол кезде жұптасып ән айтқан әншілермен тым жақындаспау керек. Тек қана сахнада ән айтып қою керек. Олармен достасып, қайта-қайта үйге шақырып, кездесіп жүрсең, шынайы махаббатқа ұласып кетуі мүмкін. Әсіресе, өнер адамдары сезімге тез беріледі”, – деп ағынан жарылды Мақпал Мұхамедиярқызы.
Дәл осы себепті халық әртісі  өзімен бірге ән айтқан әнші азаматтардан бойын аулақ ұстайтын көрінеді.
“Мен мысалы, қаншама жігіттермен дуэт айтып жүрмін. Жасы бар, ортасы бар, өзімнен үлкені де бар. Бірақ мен ешқашан оларды үйіме шайға шақырмаймын, жақын араласпаймын. Тек қана сахнада образға берілуім мүмкін. Бірақ өмірде жақын араласпаймын. Өйткені мен “за себя не отвечаю”. Мен тірі адаммын, ол балаға ғашық болып қалуым мүмкін. Ертең оған күйеуге шығуым міндетті емес, бірақ жүрегім ауырып қалуы мүмкін. Мен өзімді қатты жақсы көремін, сондықтан да жүрегімді ауыртқым келмейді. Менің жасымда, сырттай ғашық болып жүргенім де жеткілікті”, – деп түсіндірді ол.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді