jasqazaq.kz

Мұсылман жігіт террористердің әрекеті үшін Барселона тұрғындарынан кешірім сұрады(видео)

27 тамыз 2017, 15:23

Барселонада белгісіз мұсылман жігіт Рамбла көшесіне шығып, радикал-террористердің жасаған қанды қылмысы үшін тұрғындардан кешірім сұраған, деп хабарлайды Jasqazaq.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

fc9bc1ae41cd027d7630b065764aaa65

Ер адам “Мен мұсылманмын. Мен террорист емеспін. Мен махаббат пен әлемді сүйемін” деп жазылған плакаттың қасында тұрған. Сөздер каталон, испан, ағылшын, араб және француз тілдерінде жазылған. Ол өтіп бара жатқан кез-келген адамды құшақтап, өзінің махаббатын білдірген. Оны көп адамдар тобы қоршап алған.

“Ол менің қызымды құшақтап, бірнеше рет кешірім сұрады”, – дейді тұрғын Санда Эрнандес. “Мен оны құшақтаған кезде, ол кешірім сұрады. Мен жылап, рахметімді айттым”, – дейді басқа бір әйел.

e6c1c71d32797a697218d833003dd5a6

Бұған дейін Каталония мұсылмандары терроризмге қарсы қарсылық акциясын ұйымдастырған болатын. Еске салсақ, 17 тамыз күні Рамбла көшесіндегі жүк көлігі адамдар тобына соғып, қанды қырғын жасаған еді.

https://youtu.be/iYREaUIsm3c

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде