jasqazaq.kz

Мәскеуде «ДАИШ лаңкестері» ұсталды (видео)

02 қазан 2017, 18:54

Мәскеуде ДАИШ (Қазақстанды тыйым салынған ұйым) террорлық ұйымының мүшелері деген күдікпен екі адам ұсталды. Олар салынып жатқан тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істеп, сонда тұрып жатқан, — деп хабарлайды tengrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Ұсталғандар Смольный көшесіндегі салынып жатқан «Фестиваль-парк» тұрғын үй кешенінде тұрып жатқан әрі сол жерде тіркеуде болған. Екеуі де күзетші болып қызмет атқарған», — деді агенттікпен сұхбаттасушы. Арнайы операция кезінде осы екі адамнан басқа ұсталғандар бар ма деген сұраққа, дереккөз жауап бере алмады. Тергеу құпиялығына қатысты ұсталғандардың кім екендері, аты-жөндері айтылмаған. Солтүстік Кавказ тумалары «бүкіләлемдік ислам халифатын» құру мақсатында зорлық-зомбылыққа баруға дайындалған. Лаңкестер қыркүйекте адамдар көп шоғырланған жерлерде лаңкестік жасамақшы болған. Олардан қолдан жасалған жарылғыш заттар, ПМ-9мм маркалы екі тапанша, РГД-5 гранаталары тәркіленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде