М.Мадияров: Сақалмен алыспай, себебін іздейік

09 ақпан 2018, 12:05

«Шаңырақ» діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығының жетекшісі Мерхат Мадияров

Сақалын өсіріп, намазын басқаша оқығандардың басым бөлігі заңға бағынбайды деп айта алмаймыз. Бет-аузын тұмшалап қара киінген келіншектерге келсек, әрине, ата-бабамыздан қалған киім еді деп айту қиын. Себебі бізге мұра болып қалған Ұлы Даланы қызғыштай қорғаған ер-азаматтардың жанында қандыбалақ досы – жұбайы болды. Олар болса, негізінен садақшылар еді. Бет-жүзін бүркеп тастап, жаумен айқасқанда садақ тартатын. Ал сақал – сүннет амалы. «Қысқа балақты хадиске жүгініп шолтайтып жүрміз» деген бауырларымыздың дені осыны дұрыс түсінбейді. Дінді толық түсінбеген соң әркім әрнәрсе айта береді. Мәселе оның сақалында, не киімінде емес. Мәселе оның ойында, жүргізіліп жатқан астыртын ақпарат соғысында. Сол арқылы, арандатушылықты тудыруға тырысатын күштердің ниетінде болып отыр.

Қысқа балаққа заңмен тыйым салды делік. Бірақ сонымен кері ағым тоқтап қала ма? Өткен жылы Алматыда 1300-ге жуық намаздағы бауырларымызбен сөйлестік. Соның 450-і кері ағымның әсерімен жүр. Көбісі діни оқу оқып, білімі болмаса да әр мәселеде сырттағы «шейхтарының» айтқанын ғана тыңдап, пәтуәшіл болып келеді. «Біз сендердің ұстаздарыңды мойындамаймыз, тыңдамаймыз» дейді. Сондықтан да мешітке барғанда имамдарды тындағысы келмей, құлағына құлаққап киіп алады. Өйткені олардың санасын улап, «тыңдасаңдар жүректеріңе шүбә кіреді» деп шегелеп қойған. Тек өзінікін тыңдап, соған ғана сенетіндей еткен. Қазіргі таңда ол топтағы жастардың, теологтармен кездесіп дәріс тыңдағанын, белгілі бір жетістік ретінде санауымыз керек. Себебі бағыт алып, жүріп келе жатқан адам бірден басқа бағытқа түсуі керек.
Тура жолдан тайғандардың әрқайсысының өзіндік себебі бар. Мысалы, бізге бес баламен екі әйел кісі бетпердесін тұмшалап келді. Біреуінің күйеуі сотталып кеткен екен. Алайда әлеуметтік көмектен бас тартып отыр. Себебі «сестралары» көмектеседі. Бір-бірімен етене байланыс ұстайды. Мысалы, кеше бір әйел Жамбыл облысынан жылап келді. Ол: «Жалғыз қызым күйеуге тиіп еді. Күйеу бала жақсы. Бірақ қызымның телефонына қарасам «сестра» дегендері ақырында ажыратып тынды» дейді. Қызын таппай жүр. Сәләфтардың қатарына кіріп кетіпті. Енді жібермей жатыр. Тіпті ол «сестралары» қызын намаз оқитын күйеуге бермекші. Мәселе бұлардың тұтастығында, бірлігінде болып тұр. Ал себептеріне үңілер болсаң сол, қалаға жұмыс іздеп келеді, әлеуметтік теңсіздікке наразы, кедейшілік пен экономикалық тұрақсыздық титықтатқан.
Біз ең негізгі дүниені белгілеп алуымыз керек. Сыртқы келбетте, киімінде тұрған ештеңе жоқ. Ілім мен білімге баса назар аударғанымыз абзал. Салт-дәстүр, мәзхабты ұстану, Ханафи мәзхабының талаптары, негіздері сияқты дәрістер қажет. Дін жолында қалай адасты? Сонымен күресуге тиіспіз. Жастарымыздың 70 пайызы әлеуметтік желідегі сан түрлі нәрсені көріп, естіп адасуда. Ол жерде теріс жолға түсіретін уағыз көп. Бірақ турасын айтып жатқандарды сирек кездестіресің. Сол виртуалды әлемдегі күресті күшейткеніміз абзал. Оған білікті маман теологтарымыздың дәрісі қажет.

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?