jasqazaq.kz

М.Әзілханов этномәдени бірлестік төрағалары, БАҚ өкілдерімен кездесті

05 тамыз 2022, 18:52

ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, сондай-ақ, қаланың журналистері және блогерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

М.Әзілханов «Достық үйі» ғимаратында қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлерімен этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстарды нақтылап, өзекті мәселелерді талқылады. Еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып өтті.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан қоғамдық тұрақтылықты сақтауда ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту керектігін айтты.

Басқосуда қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Р.Пак, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова баяндама жасады.

Сонымен қатар, Марат Әзілханов БАҚ өкілдерімен және блогерлермен еркін форматта әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында ақпараттық кеңістікте ел бірлігін сақтау, жастарға арналған тәрбиелік маңызы жоғары ақпараттық контенттерге қолдау көрсету және т.б, мәселелер көтерілді.
Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының атқарып жатқан жұмыстары туралы клуб жетекшісі З.Оралбаева баяндама жасады.
Бірқатар журналистер қоғамдық келісімді нығайту, ақпараттық саясатты дамытуда бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ, 5 тамыз – Медиация күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кабинетінің «Бірыңғай Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде