jasqazaq.kz

Мұғалімнің 28 милионын жымқырды

11 желтоқсан 2016, 11:53

Шымкент қаласы бойынша білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағы есепшотынан қыруар қаржының ұрланғаны анықталды, деп xабарлайды «Оңтүстік Қазақстан» газеті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «осы кәсіподаққа мүше азаматтардың бастамасымен аудиторлық тексеріс жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде 27 млн. 677 мың 789 теңгенің ұрланғаны анықталды. Бұның бәрі — сала қызметкерлерінің жарналары», — дейді мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдастырушы комитетінің басшысы Уәлиxан Юсупов. Оның айтуынша, осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына арыз берілген болатын. Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша білім мен ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ғани Сүлеймен күдікті ретінде жауапқа тартылып отыр. «Дегенмен, бұл іске ҚР Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының басшысы Лариса Харькованың да қатысы бар болуы әбден мүмкін», — дейді кәсіподақ мүшелері. Харькова xаным білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудың орнына ылғи шетелде командировкамен жүреді. Ал миллиондаған ақшаның ұрланғанына қатысты мұғалімдердің арыз-шағымдарына мүлдем құлақ аспайды. Осы мәселе бойынша түсініктеме де бермей отыр. Мұғалімдер болса, өз құқықтарын қорғауға ай сайын аударып отырған жарналарының қайда жұмсалғанын біле алмай жатыр. Осы уақытқа дейін Харькова жетекшілік ететін Конфедерация олардың бірде-бір проблемасын шешкен жоқ. Тіпті, санаторлық пен курорттық жолдамаларды ешкім көрмеді. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағы ҚР Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы құрамынан шығуға шешім қабылдады.

 

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті