jasqazaq.kz

М.Әйтенов жол құрылысы нысандарын аралады

07 маусым 2022, 15:34

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Алдымен А-2 автомобиль жолының құрлысын көрді.

А-2 автомобиль жолында қазір құрылыстың ІІ кезеңі жүруде. Ұзындығы 2,48 шақырымды жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайды. Жоба бойынша ені 30 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі таңға сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізілуде. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары мен Барыс базары маңында сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалуда.

А-2 жолының IV кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзені көпіріне дейінгі жолдың ұзындығы 1,86 шақырым. Жобаға сәйкес автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ және тротуар салу көзделген. Бүгінде құрылыстың 40% орындалып, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарда бар.

Қазіргі уақытта жерді мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмысы жүруде. Бүгінге дейін 47 жер телімінің 9-ы қайтарылған. Сондай-ақ, жолдың бір жақ бөлігінің жер негізін жасау жұмыстар атқарылып жатыр.

Қала әкімі М.Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының құрылысын көрді. Көшенің І кезеңі Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылып жатыр.

Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңің де құрылыс 2021 жылы басталып, 2023 жылы падалануға беру жоспарланған.

Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдейді.

Айта кетсек, Шымкентте автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырым. Қазір 347,8 шақырым болған көшеде жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін 271,1 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде қаладағы жақсы және қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 67,4 % құрайды. Ал, 2025 жылға көрсеткішті 79 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде