jasqazaq.kz

М.Әйтенов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті

13 мамыр 2022, 15:32

 

М.Әйтенов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің Қаратау ауданы тұрғындарымен есепті кездесуі өтті.

Бүгінгі басқосуда осы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылайды. Келесі үш айлықта кездесулер жалғасып, ауданның өзекті мәселелері бірге талқыланады. Онда өтініштер мен тапсырмалар, жалпы биылға жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы және сапасы айтылады.

Бүгінгі кездесуге Қаратау ауданына қарасты Достық, Асар, Асар-2, Шымкент сити, Ақжайық, Бозарық шағын аудандары мен Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Қайнарбұлақ пен Бозарық саяжайларынан келген 300-ден астам тұрғыннан бөлек, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Онда әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылатын жобалармен бөлісті. Сонымен бірге тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Бүгінде Қаратау ауданында 265 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Шалғай орналасқан елдімекендердің өзекті мәселесі – инфрақұрылым болса, бұл мәселе 2023 жылдың соңында толық шешімін табады.

Аудан аумағында «Тассай» индустриялды аймағы орналасқан. Қосымша «Бозарық», «Мәртөбе» елді мекендерінде индустриялды аймақ құрылып жатыр. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өндірілетін өнім көлемінің артуына сеп болады. Өткен жылдың аудан аумағындағы өнеркәсіп орындарымен 125,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырған есепті жиын қала әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі instagram парақшасында тікелей эфир арқылы да көрсетілді.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр