jasqazaq.kz

М.Әйтенов каналдардың қазіргі жағдайын тексерді

28 мамыр 2022, 10:45

Шымкент қаласының әкімі қаладағы каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Бүгінде Еңбекші ауданында орналасқан «Көк» және «Чумчак» каналдарында су өткізу қабілеттілігі мен сыйымдылығын арттыру мақсатында құрылыс қарқын алған. Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылып отыр.

Алдыңғы жылы «Жаңа Оңжағалау Сайрамсу» каналының 150 метр жері бетонмен қапталды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, каналдарда ағын суды жеткізу 80-85%-ға артты.

Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Соның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 гектар егіс алқабы игеріледі. Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

–Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігі мол болады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, құрылыс жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс, -деді қала әкімі.

Текесу және Янгибай каналдарына «Шымкент қаласының өзен және канал арналарына механикалық тазалау бойынша сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «A-III Групп» ЖШС компаниясы.

Ал, жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын Көк және Чумчак каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған каналдардың жөндеу жұмыстары 2021 жылы бастау алып, ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Бас мердігер компания «ПМК-7к» ЖШС.

Қала аумағында 2027 жылға дейін 27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы 5 мың гектар егістік жерді айналымға қосу жоспарланған.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде