jasqazaq.kz

Лукашенко: Шетелге кеткендерді Беларуське қайтып алып келмейміз

24 наурыз 2020, 11:23

Беларусь елінде соңғы бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны он пайызға өсіп, 76 адамға жетті. Алайда үкімет әлі күнге дейін карантин жариялаған жоқ. Жеке меншік компаниялар өз бетімен қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырып жатыр. Студенттер оқуға бойкот жариялап, сабаққа барудан бас тартпақ. Сарапшылардың пікірінше, Беларусьте карантин осы аптада жариялануы керек. Алайда билік мұндай қадамға баруға асықпай отыр. Осыдан 10 жыл бұрын басылымдар Беларусьті Еуропадағы соңғы диктатура деп атайтын. Алайда пандемияға байланысты бүкіл әлем қоршау орнатып жатқанда, бұл ел демократия үлгісін көрсетіп отыр. Шекаралары ашық, ірі фестивальдар мен спорт жарыстары өтіп жатыр. Ал вирус туралы әңгімені ресми деңгейде әбігерге салыну және арандатушылық деп есептейді.

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті:

— Адамдарды өздері және жақындары үшін жауапты болуға үйрететін кез келді. Егер жөтеліп немесе түшкіріп жүрсең сыртқа шықпай, өзгелерге жұқтырма. Бар мәселе осында.

Александр Лукашенконың бұйрығы бойынша, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде індет туралы жалған мәліметті таратып жүргендерді іздеуге кірісті. Сондай-ақ, елден кетпеу ескертуіне құлақ аспай, шетелге барған азаматтарға қарсы қатал шара қабылданбақ.

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті:

— Біз шетелге бармауды талай рет айтқанымызбен бәрібір тыңдамайды. Ескертуімізден кейін шетелге кеткендерге чартер жібермейміз. Енді пандемия біткенше, сонда қала берсін. Ал осы кезге дейін сыртқы істер министрлігі қабылдаған шаралар арқасында екі мыңдай азамат отанына оралды. Қазір елден тыс жерде Беларусьтің бірнеше жүздеген тұрғыны бар. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың бәрі жақын арада үйіне оралады.

Анатолий Глаз, Беларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

— Ұлттық әуетасымалдаушы компанияның жоспарланған рейстерінен бас тартуға ниеті жоқ. Еуропалық Одаққа да қатынап, Беларусь азаматтарын Минске жеткізуін жалғастырады.

Ресми статистика бойынша ауруды жұқтырғандар саны көп болмағанымен, дүкендерде ұн, макарон мен қант қалған жоқ. Қытайдан елге коронавирусты анықтайтын мыңдаған экспресс-тест жеткізілді.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия