jasqazaq.kz

Лукашенко резиденциясына қарумен келді (видео)

24 тамыз 2020, 11:57

Жексенбі күні Беларусь президенті Александр Лукашенко тікұшақпен Тәуелсіздік сарайына ұшып келді. Бұл туралы  Mash Telegram каналына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды. 

Ол оқ өтпейтін кеудешені тағып, қолында қару алып алған. Ол қонған Тәуелсіздік сарайының айналасына қарақұрым халық жиналып, үлкен митинг өтіп жатқан. Қауіпсіздік күштері сарай алдындағы көшені толығымен жауып тастады, ал бірнеше он мыңдаған адам қоршауға алынды. TUT.BY хабарлағандай, Тәуелсіздік сарайының жанында әскери техника да тұрған.

Беларусь құқық қорғау органдары Тәуелсіздік сарайы маңындағы «Победителей» даңғылын жауып тастады. Қауіпсіздік күштері даңғылдың бүкіл бойына кордон қойылған. 9-10 тамыздағы наразылық акциясын таратқан «Рубеж» шабуылдаушы кешені де бар.

Видеода Лукашенконың тікұшақтан түсіп, резиденциясына қарай бет алғаны көрсетілген. Кеудесінде оқ өтпейтін кеудеше, қолында Калашников автоматы бар. Кейінірек мемлекет басшысы ОМОН сарбаздары жанына барып, «Рахмет, мықтыларым», — деп алғыс білдіреді. Бұған жауап ретінде қауіпсіздік күш өкілдері қол шапалақтап, «соңына дейін Сізбен бірге боламыз» деп уәде береді.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия