jasqazaq.kz

Лукашенко: Ресей бізден айырылып қалудан қорқады

04 тамыз 2020, 16:51

Беларусь президенті Александр Лукашенко билікке кім келсе де Ресеймен одақтас ел болып қала беретінін айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Ресей екі елдің билігіне кім келсе де бізбен жақын одақтас ел болып қала бермек. Бұл біздің халықтарымыздың түп тамырында терең жатқан фактор. Біздің бауырластық қарым-қатынасымыз серіктестікке ауысқанына қарамастан солай болады.

«Ресей бізден айырылып қалудан қорқады, себебі бізден басқа жақын одақтасы қалмады. Батыс та бізге қызығушылық таныта бастады. Қытай да өзінің досының тұрақтылығына сенеді», — дейді Лукашенко.

Одан бөлек, Лукашенко әлем тұрақсыз болып бара жатқанын айтады.

«Бізге белгілісі әлем тұрақсызданып барады. Қаншалықты тұрақсыз болғанын ешкім болжай алмайды. Соңғы он жылдағы мемлекеттер арасындағы қарсыластықтар қақтығыстарға ұласып барады. Соңғы уақыттары маңызды халықаралық мәселелердің біреуі де шешілген жоқ», — дейді Беларусь президенті.

Еске салайық, Беларусьтегі президент сайлуы 9 тамызда өтеді. Жалпы алты үміткер бар. Лукашенко осымен алтыншы рет сайлауға түсіп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия