jasqazaq.kz

Луговойда ер адам жүріп бара жатқан пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті

26 шiлде 2021, 16:49

Жамбыл облысы Луговой стансасында Көліктегі полиция қызметкерлері патруль кезінде жүріп бара жатқан пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кеткен адамды байқап, оны шығарып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 23 шілдесінде ер адам өзінің алаңғасарлығы салдарынан Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша пойызға кешігіп келеді. Шарасыз жолаушы вагонға қарай жүгіріп, жылжып бара пойыз есігін жанталаса қағады. Ол полиция қызметкерлерінің ескерту ысқырығына жауап берген жоқ. Салдарынан ол өзінің абайсыздығынан аяғы тайып, пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Бақытымызға орай, пойыз шұғыл тежегішті басып, тәртіп сақшылары оны пойыз астынан шығарып алды, — деді Көліктегі полиция.
Белгілі болғандай, 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны алкогольдік мас күйде болған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы «орташа дәрежедегі» мас күйінде болған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда пайда болу) бойынша бірден 2 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы (Теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша оған 10 АЕК (29170 теңге) көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Полициядағылар атап өткендей, осы оқиғаға байланысты жоғарыда аталған пойыздың жоспардан тыс тоқтап, кешеуілдеу уақыты 3 минутты құрады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия