jasqazaq.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл

13 шiлде 2017, 17:18

1992 жылы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. Міне, бүгін 25 жыл толды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ордендер мен медальдар табыс етті деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарының ел алдындағы атқарып жүрген еңбектеріне ерекше тоқталды. «Сіздер Отанымыздың тұтастығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға және халқымыздың тыныштығын сақтауға 25 жылдың ішінде елеулі үлестеріңізді қосып келесіздер.

Сол үшін де ризашылығымды білдіремін. Арнаулы қызметтегі адамдардың барлығы, жалпы құқық қорғау органдарының, әскери оның ішінде, әсіресе, сіздердің орындарыңыз ерекше. Көзге көрінбес майданда еліміз үшін күн-түн демей абыройлы да жауапты жұмыс атқарып келесіздер», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ «Осы жылдар ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттердің жолын кесті. Мен оның бәрін білемін. Ұлттық қауіпсіздік орындарына біліктілігі мен даярлығы жоғары адамдар ғана қабылданады. Дайындығы бар, білімі бар, сезімі бар, отансүйгіш жүрегі бар адамдар ғана қабылданады. Оларға алаңсыз әрі адал қызметі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда», — деп отан қорғау жолында жүрген азаматтардың еңбегін атап өтті.

Құттықтау соңы мерекелік концертке ұласты.

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі