jasqazaq.kz

LRT ісі бойынша іздеу салынғандар Интерпол тізімінде жоқ екен

01 қазан 2021, 12:26

Мәжілісмендер «Астана ЛРТ» ісі бойынша шетелге қашып кеткендерге халықаралық іздеу жарияланғанына күмән келтірді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларды бір жылдан бері Интерпол іздеп жатыр деген.

Интерпол іздеп жатқандардың тізімінде екеуі де жоқ екен. Қомақты ақшаны қалтаға басып елден қашқандар қала әкімінің бұрынғы орынбасары пен «Астана LRT» компаниясының экс-басшысы болатын.

Мәжілісмендер Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданның интерпол тізімінде жоқтығына аң-таң.

Қазақстан Интерполға жыл сайын 12 миллион теңгедей жарна төлейді. Сондықтан оларды не себепті таба алмай жатқанын білмейді. Өйткені интернетте олардың отбасы мүшелері Нью-Йоркте алаңсыз өмір сүріп жатқанын көрсетіп, қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы жиі жазба жариялап жүр.

Депутаттар халық арасында «Жемқорлық ескерткіші» аталып кеткен жобаға 120 миллиард теңге жұмсалғанын тілге тиек етті. Бүгінде ЛРТ құрылысына жауапты жеті шенеунік темір торға тоғытылған. Жақында олар аштық жариялаған еді. Халық қалаулылары Бас прокуратурадан халықаралық ұйымға қашқындарды іздеу туралы тапсырыс қашан және қалай берілгенін түсіндіруді талап етті.

Мақсат Раманқұлов, Мәжіліс депутаты:

— Сонда қылмыстық жауапкершіліке тартылған адамдарды ешкім іздеп жатқан жоқ. Олар елден ұрлаған миллиардтаған ақшаны емін-еркін жұмсай алады. Демек сол ақшаны қайтару мәселесі де кейінге қалып отыр. Шамасы біздің құқық қорғау органдарымыз олардың ақшаны толығымен жұмсағанын күтіп отырған сияқты. Сосын тағы бір маңызды мәселені ескеру керек. Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны сол елдің өзі тәркілеп алуы да мүмкін. Ал оның бәрі шенеуніктердің меншігі емес, ол – Қазақстан халқының ақшасы.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия