jasqazaq.kz

Лотереяға тігілген 4 көлікті жалға алған

28 сәуiр 2020, 11:43

#үйдеотыр

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде ұтысы жоқ жалған лотерея ойынын ұйымдастырған топты анықтады.

Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын — яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған.

Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін, 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды. Әлеуметтік желелерде жүргізген жарнама арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан астам ойын билеті сатылған.

Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен алдын ала белгіленген ұтыс билеттері енгізілген. «Қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады қалалық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай шектеуін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚазАқпарат

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)