jasqazaq.kz

Лотереядан 39 миллион теңге ұтып алды

27 қыркүйек 2019, 12:41

Бір күнде байып кеткен павлодарлық жүргізуші ақшаны қайда жұмсайтынын айтты.
Лотереядан 39 миллион теңге ұтып алған Павлодар тұрғыны ақшаны қайда жұмсайтынын айтып берді. Павлодар тұрғыны он күн бұрын лотереядан 39 миллион 586 мың теңге көлеміндегі рекордтық джекпот ұтып алған еді. 49 жастағы ер адам жолы болып, миллионер атанғанын үшінші күні ғана білген екен. «Ол 4800 теңгеге 24 ставка жасаған. Бірнеше ай бойы жиі кездесетін цифрларды бақылап жүріп, соған қарап өз есебін жүргізген. Лотереяда жеңіске жеткен азамат жүргізуші болып жұмыс істейді. Екі баласы бар. Ол ұтып алған ақшасына Павлодардан жеке үй, машина және балаларына пәтер сатып алмақшы», — деді ұлттық лотерея операторының PR-менеджері Асемгүл Сыздықова. Сондай-ақ, ол мүгедек жиеніне де баспана алып беруді жоспарлап отыр.

КТК

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда