jasqazaq.kz

Лондоннан Петропавлға 85 студент ұшып келді

16 сәуiр 2020, 12:53

#үйдеотыр

Солтүстік Қазақстан облысында СОVID-19 жұқтырған соңғы екі науқаспен 93 адам байланыста болған.

СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев онлайн-брифинг барысында коронавирус індетін жұқтырудың соңғы екі жағдайы туралы мәлімет берді.

«Коронавирус инфекциясы Лондон-Петропавл рейсімен келген екі адамнан табылды. Бірі – Канада университетінде оқыған 20 жастағы бойжеткен студент, екіншісі – 40 жастағы әйел. Екеуі де Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары. Қазір олар Петропавлдағы қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары жақсы, тиісті ем алуда», — деді Руслан Әлішев.

Аталмыш екі науқаспен 93 адам байланыста болған, оның ішінде 20-сы – жақын қарым-қатынаста болғандар. Олар қосымша тексеріліп, Петропавлдағы стационарға 14 күнге карантинге жатқызылады. Қалған жолаушылар тұрғылықты жерлеріне жеткізіліп, үй карантиніне алынады.

«Рейстің 85 жолаушысы – оқуларын бітірген студенттер. Олардың басым бөлігі – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары. Келгендердің арасында олардың отбасы мүшелері де бар. Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар да келді. Олардың барлығы ұшаққа билетті өз қаражаттарына алды», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Мәлім етілгендей, Ұлыбританиядан ұшып шығарда қазақстандықтарға медициналық тексеріс өткізбеген. Олар Петропавлға келгеннен кейін ғана КВИ-ға анализ тапсырған.

«Рейс жолаушылары орналасқан қонақүй барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай. Індеттің таралуына жол берілмейді. Яғни тұрғындарға қауіптенуге негіз жоқ. Қонақүйдің қызметкерлері жұмыс істеп жатқан жоқ. Ол жерде тек медицина мамандары ғана еңбектенуде. Тамақ сырттан жеткізіледі. Ғимараттың ішінде де, сыртында да полицейлер күні-түні кезекшілік атқарып, күзетеді. Қонақүй толық оқшауланған», — деді Руслан Әлішев.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық