jasqazaq.kz

Лондонда теракт орын алды

03 ақпан 2020, 12:08

Лондонда болған терактың нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы британдық полиция қызметкерлері мәлімдеді.

Жолда кетіп бара жатқандарға шабуыл жасаған азаматты тәртіп сақшылары атып өлтіріпті. Ұлыбританияның БАҚ өкілдері қаскөйдің исламизммен байланыста болғандығын айтып отыр.

«Ер азаматты Стретэм ауданында полицейлер атып тастады. Бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Оқиға терроризмге қатысы бар деп танылды», — деп мәлімдеді Лондон полицейлері.

Галлем Булэн есімді қала тұрғыны қолына мачете (шөп шабуға арналған үлкен пышақ түрі) және кеудесіне күміс түсті канистерлер асынған ер адамды полицейлер қуып бара жатқандығын көріпті. Қуғын ең аяғы атыспен аяқталған.

«Үш рет атылған тапаншаның даусын естідім», — дейді куәгер.

Террористің Судеш Амман есімді азамат екендігі анықталыпты. Ол екі күн бұрын ғана түрмеден босап шыққан. 20 жастағы жігіт 2018 жылы желтоқсан айында терроризмге қатысы бар құжаттарды сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылған. Бұған қоса қылмыскер WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған.

Судеш 40 жастағы ер азамат пен 50-дегі әйелді жарақаттапты. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Тағы бір бойжеткенге тапанша оғы тиген әйнектің сынықтары ұшқан. 20 жастағы террористің үстінде жалған бомба макеті киілгендігі анықталыпты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия