jasqazaq.kz

Ломбардтар заң бойынша арнайы тіркеуден өтуі тиіс

25 ақпан 2020, 11:01

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, ломбардтар міндетті түрде агенттікте тіркеуден өтуге тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2019 жылғы 3 шілдедегі «Микроқаржылық қызмет туралы» заңға сәйкес ломбардтардың жеке тұлғаларға микрокредит беру қызметі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржылық қызметке жатқызылған. «Бұл ретте өз қызметін жүзеге асыру үшін ломбардтар 2020 жылғы 1 шілдеден кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өтуі қажет. Одан кейін агенттік осы ұйымдарды реттеп отырады. Бүгінде ломбардтардың бір де біреуі есептік тіркеуден өту үшін агенттікке өтініш жасамаған және тиісінше, микроқаржы ұйымдарының тізілімінде жоқ» делінген хабарламада. Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. Қаржы нарығын реттеу агенттігі ломбардтардың қызметін реттеуді олар есептік тіркеуден өткеннен кейін бастайды. «Осыны ескере отырып, ломбардтардың қызметін пайдаланған кезде қол қою алдында барлық құжаттарды мұқият зерделеуге кеңес береміз. Ломбардтардың қызметі ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі, оған сәйкес ломбардтар халыққа микроқарыз беруге құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында халықтан ақшаны тек екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық почта операторы агенттік атынан уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде тарта алады. Қаржы реттеушісінің лицензиясы жоқ немесе агенттікте есептік тіркеуден өтпеген компаниялармен шарттық қатынастарға түсе отырып, азамат барлық ықтимал тәуекелдерді өз бетінше бағалауға және өз әрекеттері үшін жауапты болуға тиіс екендігіне назар аударған жөн» дейді агенттіктен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия