jasqazaq.kz

Ломбардтар xалықты 500-600 процентпен тонайды

14 қыркүйек 2018, 16:26

Бүгінде соттарға ломбардтардың заңсыз комиссияларына қатысты арыз-шағымдар көптеп түсуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жоғарғы сот судьясы Ақылтай Касимовтың айтуынша, бүгінде ломбардтар жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып ашылады да, банктер сияқты несие беріп отырады. «Ал олардың проценттері 500-600-ге, тіпті 900-ге дейін барады дейді. Өкінішке қарай, ондай ұйымдардың қызметі заңмен реттелмеген. Халық несиені не үшін алады? Себебі ақшасы жоқ. Ал ондай проценттерге неге келіседі? Өйткені басқа амалы жоқ. Банкке барсаң да сол. Келісімшарттарда бәрін жасырып қояды. Ақшаны алғаннан кейін қарызды өмір бақи төлеуге мәжбүр боласың», — деді А.Касимов «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында. Айта кетейік, кеңестің бүгінгі отырысында кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттарды орындау мәселесі қаралды. Бүгінде «Атамекен» палатасына түсетін арыздар ішінде бизнесмендер арасындағы дауларға қатысты шағымдар аз емес. Олар бір-біріне ақша төлемейді. Тіпті, серіктестік келісімін рәсімдесе де, алаяқтық жолмен әріптестің мүлкін ұрлау фактілері де бар. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың сөзіне қарағанда, кәсіпкерлердің келісімшарт міндеттерін орындай алмауына мемлекеттік органдар да кінәлі. Олар ақшаны уақытында бермейді. Содан бизнесмендер өз әріптестеріне ақшаны төлей алмай жүреді. «Мәселен, бизнесмен тендерді ұтып алады. Ал мемлекеттік орган оған ақшаны төлемей қойды. Содан бүкіл тізбек кете береді. Кәсіпкер өз әріптесіне ақша бере алмайды. Солай ары қарай кетеді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары жабылайын деп жатыр», — дейді Б.Палымбетов. Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов маңызды бір мәселені еске салды. «Бізде мемлекеттік органдардың бірінші басшысы ауысса, бірден барлық келісімшарттар жойылады. Әкім, министр болсын, келісімшарттарды бірден бұза салады. Өте қызықты үрдіс…», — дейді Р.Жүрсінов. Жиында банктердің заңсыз комиссиялары да сөз болды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді