
Ливияның батыс жағалауында мигранттар мінген қайық аударылды. Салдарынан 2 адам суға кетті. Марқұм болғандар – сәби мен әйел адам.
Тағы 25 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Негізі оқыс оқиға кезінде су көлігінде Судан, Кения, Кот-д’Ивуар мен Нигерия елдерінен шыққан 73 жолаушы болған. Айта кетелік, африкалық босқынның дені Еуропаға дәл осы Ливия арқылы аттанады. Олар 2011 жылы басталған дағдарыс кесірінен орталық биліктің жоқтығын пайдаланады.