jasqazaq.kz

Ливия түрмесінен 400 адам қашып кетті

03 қыркүйек 2018, 13:49

Жексенбі күні Ливия астанасы Триполиде үкімет әскерлері мен қарулы жасақ арасындағы қақтығыстың өршуі кезінде Айн-Зара түрмесінен 400 сотталушы қашып кетті.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ливия Әділет министрлігінің сот полициясы департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Ведомство мәлімдемесінде айтылғандай, Айн-Зара түрмесінің А секторында қарудың бірнеше рет атылған даусы естілген. Кейін тұтқындар бас көтерген. Түрме қызметкерлерін зорлық-зомбылық жасаумен қорқытып, өздерін босатуды мәжбүр еткен. Қазіргі кезде қашқындарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Айн-Зара түрмесі Триполидің оңтүстігінде орналасқан. Онда өткен дүйсенбіден бері үкімет әскерлері мен көрші Тарнуха қаласынан шыққан «Жетінші бригада» деп аталатын қарулы жасақ арасында қақтығыс жүруде. Ливия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қақтығыстар салдарынан 41 адам қаза тауып, 123 адам жараланған.

inform.kz

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді