jasqazaq.kz

Лисаков қаласы әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

12 сәуiр 2022, 10:17

Кәмелетке толмаған қыздың анасы Лисаков қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы қызын зорлады деп айыптады. Әйел полицияға арыз берген.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желілерде президентке істі бақылауға алу туралы өтінішпен жүгінді. Полиция қызметкерлері басқа да жәбірленушілер болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуін сұрайды.

Басылым мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілерде қыздармен танысып, өзіне ғашық қылған, ал жақын қарым-қатынастан кейін жаңа құрбан іздеген болуы мүмкін. Ол парақшасында өзінің нақты жасын жасырып, отбасылық жағдайы туралы айтпаған. Ер адам үйленген, баласы бар.

«Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы («Кәмелетке толмаған баланы зорлау») бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы өтініштен басқа полицияға басқа арыздар мен хабарламалар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушілер болған жағдай құқық қорғау органдарына хабарлауын сұрайды. Ақпарат құпия сақталатынына кепілдік беріледі», — деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр