
Аргентиналық «Пари Сен-Жермен» футболшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды. Француз клубы ақпаратты сайтында растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Лео Месси, кіші Неймар, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалдың коронавирусқа қарсы тест нәтижесі оң болып шыққан.
«Қазір олар оқшауланды және денсаулық туралы хаттамаға бағынады», — делінген клубтың сайтында.
Кіші Неймар 9 қаңтарға дейін емді Бразилияда медицина қызметкерлері қарауында және «Пари Сен-Жермен» командасының қызметкерлерімен бірге жалғастырады. Ол шамамен 3 аптадан кейін жаттығуға оралуы мүмкін.