jasqazaq.kz

Лингвистикалық сараптама орталығының ұстанымы — қоғамдық мүдде үдесінен шығу

02 мамыр 2019, 14:46

Мемлекеттің, жалпы адамзат қоғамы өркениетінің өнеркәсібі мен экономикасының рухани дамуында ғылымның, ғылыми теориялардың басшылыққа алынып жататын кездері аз емес. Бұл – ғылымның тәжірибеде, нақты үдеріс үстіндегі жүзеге асырылуының айқын көрінісі. Бұдан бөлек ЖОО-да студенттер мен магистранттар тарапынан алынатын терең ғылыми-теориялық білім практикалық тұрғыдан тұжырымдалмаса, тәлім алушы оның өмірлік қолданыстарын көзбен көріп, қолымен ұстамаса, білімнің шынайы сипатқа иеленуі неғайбыл.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан ұйымдастырылған «Лингвистикалық сараптама орталығы», сондай-ақ «Сот-лингвистикалық сараптама» ғылыми-кәсіби үйірмесінің жұмыс ұстанымы, жоғарыда көрсетілгендей, күнделікті өмірде тіл қызметі мен қолданысы барысында туындайтын мәселелерді ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан зерттеп, қоғам мүддесіне қызмет ету.

Осы ұстанымның жүзеге асуында орталық тарапынан студенттер мен магистранттарға берілетін терең лингвистикалық біліммен бірге, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер барысындағы практикалық ізденістер де игі ықпалын тигізеді. Ол қызметтер негізінен бүгінгі күні тілдің өмірдің түрлі салаларында қызмет етуі мен практикалық қолданысы үдерісінде туындайтын ақпараттық даулар, сөз қақтығыстары мен тілдік қақтығыстар шешімінде жүргізілетін лингвистикалық талдаулар мен лингвистикалық сараптамалармен тығыз байланысты.

Сондай-ақ, аталмыш орталықтың тағы бір ерекшелігі қазіргі ғылым интеграциясы жағдайына сәйкес арнаулы түрлі салалық мамандар – лингвист-сарапшылар, лингвист-мамандар, журналистер, заңгерлер арасында гуманитарлық қатынастар мен біліктілік байланыстарын дамытуды да көздейді. Осы орайда ағымдағы оқу жылында Астана қаласында «Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры тарапынан ұйымдастырылған «Араздықты жандандыру белгілеріне сараптамалық зерттеу: әдістеме жобасын талқылаймыз» атты дөңгелек үстел (24.10.2018.) және Алматы қаласында «Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры тарапынан ұйымдастырылған «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық, нәсілдік және діни араздықты жандандыру белгілері мен өлшемдері» атты қоғамдық кеңесі (24.08.2018.) жұмысына орталық пен үйірменің жетекшісі ғылыми-практикалық мүдделеріне сәйкес қатысып, тәжірибе жинақтағанын алға тартуға болады. Аталған дөңгелек үстел жұмысы үдерісінде талқыланған мәселелер бойынша «Лингвистикалық сараптама» орталығы мамандарының өз тұжырымдары мен ізденістерінің ғылыми журналдарда жарияланып тұратынын айтып өткіміз келеді.

Тіл мен заң тоғысындағы лингвоқақтығыстану, юрислингвистика сияқты жаңа ғылыми пәндер бойынша тілдің түрлі қоғамдық салалардағы қызметі барысында туындаған тілдік қақатығыстар мен БАҚ жарияланымдары негізінде орын алған ақпараттық даулардың, құжаттық даулардың лингвистикалық талдауларын жүргізуде мамандар тарапынан басшылыққа алынатын ғылыми-әдістемелік құралдар дайындалады.

Ал тілдің қоғам өмірінің түрлі салаларында қызмет етуі мен практикалық қолданысы үдерісінде туындайтын тіл тигізу, сөзбен қорлау, ар-намыс және абырой мен іскерлік беделге нұқсан келтіру дерегі орын алған жағдайда сол даулы мәтін я айтылған сөзге жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар тапсырыстары мен сұраныстары және өтініштері негізінде лингвистикалық талдау жүргізіліп, маман қорытындысы тағайындалады.

Бұдан бөлек, тілдің ресми, заңгерлік күші бар құжаттық даулар бойынша да мәтіндердің лингвистикалық талдауы мен интерпретациясы орталықтағы мамандар тарапынан жүзеге асырылып, даудың шешімінде өз біліктілігі мен құзыретіне сәйкес анықтамалар бере алады.

Қазіргі тіл мен заң салалары тоғысындағы келесі мәселелер – бүркеншік, сондай-ақ анонимді есімді мәтіндердің авторларына кәсіптік, жас мөлшерлік, жыныстық, психологиялық өлшемдер бойынша болжам жасау, сәйкестендіру, яғни мәтінге авторлықты анықтау, тауарлық таңба т.б. құжаттық даулар бойынша лексикалық бірліктер мен мәтіндердің лексика-семантикалық талдауы бойынша филолог-мамандардың қызметі ұсынылады.

Сөйтіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «Лингвистикалық сараптама орталығы» жеке тұлғалар, заңды тұлғалар тапсырыстары мен сұраныстары және өтініштерін қанағаттандыра отырып және соның негізінде іс жүзінде жүргізілетін лингвистикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу арқылы ғылым теориясы мен тәжірибесінің сабақтастығын орайластырады. Бұл қоғам мүддесіне қызмет етудің бір көрінісі бола отырып, сол уақытта университеттен тәлім алушылардың ғылыми-тәжірибелік білім дағдысын терең қалыптастырумен бірге, тіл мен заң тоғысындағы лингвоқақтығыстану, юрислингвистика жаңа ғылыми пәндері бойынша жазылатын оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми еңбектерге жол ашатыны сөзсіз.

Аяужан Қайратқызы Таусоғарова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері

кафедрасының доценті, филол.ғ.к.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде