
Әлеуметтік желі лифтіде түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. Видеода ер адам лифтінің батырмаларына түкіргені түсіп қалған.
Бұл жағдай «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде болған. Барлығы видеобақылау камерасына жазылған.
Facebook желісінде тараған видеоға қолданушылар ер адамның әрекетіне наразылық білдіріп жатыр.
Қазіргі уақытта полиция департаменті бұл видеоны зерттеп жатыр. Ер адамның жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені айтылады.