
Астаналық полицейлер тұрғын үй кешеніндегі лифт кабинасына орнатылған мониторды сындырып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды tengrinews.kz.
Астана қалалық ІІД мәліметінше, полицейлер ер адамды анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Оқиға 25 тамызда шамамен сағат 21.00-22.00 аралығында болған. Полициядағылардың сөзіне қарағанда ол мониторлар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылады. Мониторда видеобақылау камерасы да орнатылған екен.
«Ер адам жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден Қорғалжын тасжолы, №21 үйде орналасқан Есіл аудандық Ішкі істер басқармасына немесе мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172)71-65-48, 8701-188-04-62 немесе 102», — деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.