jasqazaq.kz

Лифтіде қаза болған әйелдің қызы: Анам құлады, сосын мен жыладым

10 сәуiр 2018, 16:52

Лифтке қысылып, қайтыс болған ақтөбелік журналист әйелдің жолдасы қайғылы оқиғаны өз көзімен көрген 3 жастағы қызының қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Today.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның жолдасы сол қайғылы оқиға болған күн қызының есіне түсетінін айтады. 3 жастағы қыз лифтке жүгіріп кіріп үлгерген. Ал оның артында келе жатқан анасы лифтке кіруге үлгермей, есігі жабылып, бірден жоғары көтеріліп кеткен еді. Марқұмның денесін жолдасы Қайыржан Ерқасымовтың өзі алған.

«Әйелім лифтке кіріп үлгермеген. Тек денесі ғана кірген де, аяғы сыртта қалып қойған. Кеудесі мен ішін қысып қалған. Өлімнің себебі – қысылудан болған асфиксия. Бұл туралы сот сараптамасын алғанда білдім», – дейді марқұмның жолдасы Қайыржан Ерқасымов.

Өткен сенбі Айзат Әбдісаматты жер қойнына тапсырды. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға жақындары мен таныстары ғана емес, жүздеген таныс емес адам жиылды. Ал марқұмның жолдасы Қайыржан анасының өлімін өз көзімен көрген 3 жастағы қызына алаңдаулы. Қайыржан Ерқасымовтың айтуынша, қыз жасының кішілігіне қарамастан қорқынышты жағдайдың болғанын түсінеді. Бүлдіршінмен психологтар жұмыс істеп үлгерген.

«Бірінші күні қиын болды. Ұйықтай алмадық. Екінші күні…есіне түсіп кете береді. Анамды қысып қалды деп айтады. Анам құлады, сосын мен жыладым дейді. Үш жастағы бала осылай дейді. Бірақ анасын сұрамайды. Меніңше, ол да сезеді. Не дегенмен қорқыныш көзінде қалып қойған. Оқиға әлі көз алдында», – дейді марқұмның жолдасы.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді