jasqazaq.kz

Лифтіде адам өлтірген күдікті ұсталды

14 мамыр 2019, 10:22

Шымкентте 11 мамыр күні сағат 17:00-де Тәуке хан даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің біріндегі жеделсатыда белгісіз біреу әйел адамды өлтіріп кетті.

Марқұм осы үйдегі 5-қабаттың тұрғыны болған. otyrar.kz сайтының мәліметінше, кешқұрым әйел үйіне қайтып келе жатқан. Сөмкесінде қомақты ақша мен алтын бұйымдары болған болуы мүмкін. Марқұм соңғы рет жеделсатыға мініп тұрғанын білмесе керек. Кісі өлтіруші жеделсатыға әйелмен бірге мінген. Қарақшы сөмкені тартып алмақ болғанда әйел қарсылық танытқан. Соған ашуланған күдікті марқұмға бірнеше жерінен пышақ сұққан. Нәтижесінде соңғы сілтеген пышағы ажал құштырды. Арам ойын жүзеге асырған кісі өлтіруші сөмкені алып, таксиге отырып, оқиға орнынан табанын жалтыратқан. Ізін жасырмақ болған күдікті 3 рет такси ауыстырған. Сөмкедегі көздегеніне қол жеткізген ол айғақ заттардан тезірек құтылғысы келіп СМУ-4 ауданы аймағындағы қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен. Сол жерде бейнекамераға түсіп қалған. Күдіктіні ұялы телефон ұстап берді. Байланыс операторының сигналы бойынша марқұм әйелдің телефоны күдіктінің қай жерде екенін анықтап берген. Соның арқасында такси жүргізушісін және қатыгездікпен адам өлтірген қылмыскерді қолға түсірді. Қылмыскер бұрын сотталған 48 жастағы азамат екендігі анықталды.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді