jasqazaq.kz

LG компаниясы телефон шығаруды тоқтатқанын ресми жариялады

05 сәуiр 2021, 12:38

LG Electronics Inc. (LG) компаниясы өзінің ұялы байланыс бөлімшесінің жабылатыны туралы жариялады. Шешім бүгін директорлар кеңесінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның ресми сайтына сілтеме жасап. LG компаниясының қазіргі телефондары сатылымға бұрынғыдай шығарыла береді. LG аймаққа байланысты уақыт аралығында қолданыстағы мобильді өнімдердің клиенттеріне сервистік қолдау және бағдарламалық жасақтама жаңартуларын ұсынады. LG ұялы телефон бизнесін тоқтату кезінде жеткізушілермен және серіктестермен ынтымақтасады. Жұмыспен қамтуға қатысты мәліметтер жергілікті деңгейде анықталады. LG өзінің мобильді тәжірибесін қолдануды және бизнестің басқа салаларында бәсекеге қабілеттілікті одан әрі арттыру үшін 6G сияқты ұтқырлыққа байланысты технологияларды дамытуды жалғастыра береді. LG мобильді бизнесінің жиырма жыл ішінде жасалған негізгі технологиялары да сақталып, қолданыстағы және алдағы өнімдерге де қолданылады. Ұялы телефон бизнесін қысқарту 31 шілдеге дейін аяқталады деп күтілуде, дегенмен кейбір қолданыстағы модельдердің құрал-жабдықтары әлі де қолжетімді болуы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия