jasqazaq.kz

Леңгірде мас бикеш: Блок-бекетті» алып тастаңдар» деді

12 мамыр 2020, 19:44

Түркістан облысының тұрғыны мас боп көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Төлеби АПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысына енгізілген карантинге байланысты Леңгір қаласында орналасқан блок-бекетке “BMW” автокөлігі келіп тоқтайды.

Жүргізуші қыз, полиция қызметкерлерінен жолдың қоршауын алып тастауды талап етеді. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші, Леңгір қаласының тұрғыны мас халде болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелден көліктен шығуын сұрайды, алайда ол заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды. Полицейлер жүргізушіні ұстады және облыстық наркологиялық диспансерге медициналық куәландыру үшін жеткізді.

Қорытындыға сәйкес әйелдің “орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде” болғаны анықталды. Ал автокөлікті полицейлер айыптұрағына қойды. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, олар:

“Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер” және 608-бап (жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру).

Нәтижесінде, 28 cәуірде Төлеби аудандық сотының шешімімен Леңгір қаласының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді.

Жылдамдықты арттыруға, маневр жасау ережелерін бұзуға, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуға болмайды, себебі бұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы және сіздің өміріңіз бен жолаушылардың өміріне қауіпті болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі