jasqazaq.kz

Леңгірде адам сүйектері мен ішкі ағзалары шашылып жатыр

25 сәуiр 2019, 17:19

Леңгір қаласының іргесінде отадан қалған медициналық қалдықтарды жоятын цех жұмыс істейді.

Леңгір қаласының маңынан шашылып жатқан медициналық қалдықтар, ота кезінде кесілген дене мүшелері салынған бөтелкелер табылып, жергілікті қоғам белсенділері шу көтерді.

Олардың айтуынша, қаланың іргесінде ауруханадан шыққан медициналық қалдықтарды жоятын цех бар. Міне, сол цех жұмысының салақтығы бүгіндері бүкіл өңірге экологиялық қауіп төндіріп отыр, деп дабыл қағады жергілікті «Қоғамдық бақылау» ұйымының белсенділері.

«Сол цехтың маңайындағы аумақтан табылды. Шашылып жатыр. Инелер, мүрде қалдықтары, жартылай өртенген адам сүйектері. Біз цехқа кіргенде дене мүшелері салынған шелектерді көрдік. Іші құрттап кеткен. Иісі мүңкіп тұр. Уақытында жойылмаған.

Ауыл тұрғындары да жиі шағым түсіреді. Өйткені сыртта, ашық жерде өртеліп жатады. Дұрыс өртенбеген кісі ағзаларын кейде жел көтеріп, олар жан-жаққа шашылып қалады», — деді «Қоғамдық бақылау» қауымдастығының өкілі Дарья Кудряшова «Отырар» телеарнасына берген сұқбатында.

Ашық аспан астында шашылып жатқан медициналық қалдықтардың ішінен пластмасса шелектің қақпағы да табылды. Ал оның бетінде «В класы» деген жазу бар екен. Сұрастыра келе, «В класы» деген таңба туберкулез, микроағзалармен жұмыс істейтін мекемелерге тиесілі шелектерге салынатын болып шықты.

Жалпы, мұның бәрі жабық жерде жойылуы керек. Бұл тәртіп мұнда сақталмауда. Белсенділер бір цехтың кесірінен нағыз эпидемиялық апат орын алуы әбден мүмкін деп алаңдап отыр. Олар енді санэпидемиологтар мен прокуратураға шағым түсірмекші.

Ақпарат көзі: Sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде