Легионерге жұмсағанша, баланы жарылқайық

04 тамыз 2016, 14:24

WeaJLWNlh6Y

Осыдан оншақты жыл бұрын айдаладағы Угандадан келген легионер бізге футбол ойнап қыруар ақша тауып кетіпті. Кейін еліне оралып, футбол командасын құрады. Оның бұл бастамасын жергілікті тұрғындар мен қала мэрі қолдапты. Сол команда бүгінде әжептәуір жетістікке жетіпті. Сөйтіп, қазақтың байлығы, мемлекеттіңқыруар қаражаты басқаны айтпағанда, Африкадағы Уганданың футболын дамытуға жарапты. Сонда бөтен жерге келіп пайда тауып, онысын өз елінің спортын дамытуға жұмсаған әлгі угандалықтың ұлтжандылығы күшті болғаны ма? Уақыт пен күш-жігер жұмсап өз еліміздің ойыншыларын дайындағаннан өзгенің дайын ойыншысын сатып ала салып, ұлттық намысымызды осылай көтеруге тырысатын біздің ұлтжандылығымыз күшті ме? Бұл – риторикалық сұрақ, керек десеңіз….
Бізге футболмен шындап айналысатын уақыт келді.Осы кезге дейін қыруар қаржы бөлінгенімен, сол ақшаның бәрі өзгенің футболын дамытуға жұмсауда. Екі ортада агенттер шаш етектен пайдаға кенеліп отыр. Олар бөлінген қаражаттың 70 пайызын иемденеді.Ал, осылегионерге кететін қисапсыз ақшаны балалар футболын дамытуға жұмсасақ, бізге біреу «қой» дей ме?
Қазақ футболын дамытуда соңғы кезде нақты қадамдар жасай бастаған Қазақстан Футбол федерациясы парламент пен үкіметке «Футбол жолы – 2026» стратегиясына қатысты Үндеу жариялады. Онда жақын күндері парламентте қаралатын «Спортты қаржыландырудың жаңа үлгісі туралы» заң жобасына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттен жыл сайынғы бөлінетін қаржының 20 пайызын міндетті түрде балалар мен жасөспірімдер футболына, өңірлердегі футбол құрылымдарын дамыту мақсатына бөлу туралы ұсынысты қолдауды сұрады. Үндеуде «Бүгінгі таңда елімізде 700 мың адам футболға ықылас білдіреді.Оның ішінде 40 мың баланың футболмен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндігі бар. Жыл сайын кәсіби футбол командаларын қаржыландырып, қамтамасыз ету үшін қазынадан біраз қаражат жұмсалады. Тек 2014 жылы 200 млн доллар жұмсалған. 2004 жылдан бергі жұмсалған шығынды қоса есептесек, бұл сома 1 млрд еуроға жетеді. Бұл қаржыға «Астана Арена» сияқты екі стадион салуға,немесе 16 жабық футбол манежін салып, спортшылардың игілігіне ұсынуға болар еді. Жылыту құрылғысы бар 615 футбол алаңын салсақ, қаншама жасөспірім спортпен достасады десеңізші! Немесе осындай қаражатпен балаларды футболға дайындайтын 5522 жаттықтырушыны оқытып, жұмысқа орналастыруға, он жыл бойы жалақы төлеп тұруға мүмкіндігіміз болыпты. Бұл өңірлерде 4 бірдей футбол академиясын құрып, он жыл бойы қаражатпен қамтамсыз етуге де жетеді екен. Ең бастысы, он жыл бойы есепсіз жұмсалған осы қаражатпен еліміздегі 400 мың баланың футболмен тұрақты түрде айналысуына жағдай жасауымызға болар еді» делінген.
Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті Е.Қожағапановтың айтуынша, «Футбол жолы – 2026» стратегиясын қолдау көрсету – футболға айтарлықтай бетбұрыс әкелмек. Ең бастысы – легионерлерге кеткен соншама қаражатты өзіміздегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жұмсасақ, аз уақытта бұл бастама өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Ол «Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр.Премьер-лигада өнер көрсететін отандық футбол клубтарына деген өзгелердің коммерциялық қызығушылығын, халықтың ел біріншілігіне деген ықыласын арттыру.Футбол клубтарының инфрақұрылымын ілгерілетуге байланысты шараларды жүзеге асыру үшін біз футболды дамытуға барынша күш салуымыз керек.Ұлттық құраманың халықаралық турнирлерде төмен нәтиже көрсетуіне инфрақұрылым сапасы мен қазақстандық футболшылар арасындағы бәсекенің төмендігі кері әсерін тигізіп отыр.Футболды дамыту үшін футбол инфрақұрылымдарына түбегейлі өзгерістер керек. Еліміздегі шұғыл-континентальды климат жасанды жабындысы бар алаңдар мен жабық футбол манеждері қажет екендігін көрсетіп отыр» – деді. Бұл орайда Қожағапанов мырза өзі шағын бола тұрып, соңғы он жылда футболдан адам қызығарлық жетістік көрсеткен Исландияны мысалға алды.

Жадыра Шамұратова

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды