jasqazaq.kz

Ләззат Танысбай QAZAQSTAN РТРК басшысы болды

08 сәуiр 2019, 17:28

QAZAQSTAN телеарнасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Қымбатты достар! Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы — Ләззат Танысбайды таныстырдым. Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», — деп жазды Дәурен Абаев.

Осыған дейін, Ләззат Танысбай «Нұр-Медиа» холдингін басқарды. Ләззат Мұратқызы Танысбай 1973 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген. Алматы халықаралық журналистика институтын және Халықаралық бизнес университетін бітірген. 1993 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ телекөрсетілім редакторы, «Қазақстан телекөрсетілім мен радиосы «Ұлттық теледидар және ақпараттық агенттігінің жетекші репортері, «Хабар» агенттігінің жетекші жаңалықтар қызметінің редакторы болып жұмыс істеді. 2001 жылы «Хабар «агенттігі» ЖАҚ Орталық бюросының атқарушы продюсері болып тағайындалды. 2002-2005 жылдары бас сарапшы, кейін Президент баспасөз қызметінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылы байланыс және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. 2012 жылы «Астана» телеарнасын басқарды. 2018 жылдың шілдесінен бастап «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры болып жұмыс істеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда