jasqazaq.kz

Лауазымды тұлғалардың ақшасы мен мүлкі тексеріледі

04 қараша 2021, 13:53

Қазақстанда жария лауазымды тұлғалардың ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары тексеріледі. Парламент сенаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы заңды қабылдады.

Сенаттың жалпы отырысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы қаралды. Құжатты парламент депутаттары әзірлеген.

Сенатор, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның айтуынша, заң жобасында «жария лауазымды адамдар» ұғымы енгізіледі. Ол ұлттық және шетелдік мемлекеттік лауазымды адамдарға бөлінеді.

«Ұлттық жария лауазымды тұлғалар институтын кезең-кезеңмен енгізу және еліміздегі лауазымды тұлғалардың ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары бойынша тиісті бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеу көзделіп отыр. Қаржы мониторингі агенттігі жария лауазымды тұлғалардың, олардың жұбайы мен жақын туыстарының тізімін жасайды. Ал президент тізімді бекітеді», — деді Перепечина.

Айтуынша, қаржы мониторингі субъектілерінен тиісті қызмет алу кезінде жоғары тәуекел деңгейі берілген жария лауазымды адамдарға, олардың жұбайы мен жақындарына тексерістің қосымша шаралары қолданылады.

Жария лауазымды адамдар өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, 12 ай бойы олардың ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары тексеріледі.

«Мұндай мониторинг сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қосымша құралына айналады», — деді депутат.

Сондай-ақ жобада цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, осы активтерді ақшаға, не болмаса басқа мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді жүргізетін тұлғаларды қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу қарастырылған. Бұған қоса олар цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндеттеледі.

Қаржы мониторингі агенттігіне бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қолжетімділік беру көзделген.

Сонымен қатар, ойын бизнесі бойынша шекті мәнді 3 миллион теңгеден 1 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен мәмілелер бойынша 200 миллион теңгеден 50 миллион теңгеге дейін төмендету ұсынылды. Бұл кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы көлеңкелі ортада жасалатын қылмысты анықтауға мүмкіндік береді.

Парламент сенаты заңды бірауыздан қабылдады.

Stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық